Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Астанада “ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы” түзетулер талқылануы тиіс болған жиын офлайн өтпейтін болды

0

Астанада “ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы” түзетулер талқылануы тиіс болған жиын офлайн өтпейтін болды. Бұл жөнінде REQUEST бастамасының өкілдері Instagram парақшасында хабарлады.

Айтуларынша, жиынға бір күн қалғанда яғни, 12 қарашада кешке шараны өткізуі тиіс болған қонақүй өкілдері “құбыр жарылып, залды су басып қалғанын” айтқан. Ал ұйымдастырушылар қонақүйге барған кезде залды су баспағанын көрген.

“Еден құрғақ, жабдықтар тұр, жарық бар.... Тыңдауға қажет барлық жабдық өз орнында, бұл құбыр жарылған күннің өзінде де оның жедел жөнделіп, шараны өткізуге кедергі келтірмейтінін көрсетеді” деді бастама өкілдері.

Талқылау 13 қарашада өтуі тиіс болған, ал қонақүй өкілдері 12 қарашада кешкі сағат 9-да шара өтпейтінін айтқан. Олардың сөзінше, ұйымдастырушылар қонақүйді шараны өткізуге қанша көндіруге тырысқанмен олар келіспеген.

Бастама өкілдері бұған дейін мемлекеттік орган өкілдерін шақырғаннан кейін өткізетін орынды айтуға тура келгенін, осыдан кейін қонақүйге "қысым жасалуы мүмкін" деп топшылайды. Олар енді талқылауды онлайн өткізбекші.

Бір күн бұрын мәжіліс ЛГБТ насихатына тыйым салуды қарастыратын түзетулерді қабылдап, сенатқа жолдаған. Сенат қабылдаса, президент қол қояды.

Жоба авторларының түсіндіруінше, аталған түзетулер "ЛГБТ өкілдеріне қарсы бағытталмаған", "оларды насихаттауға" ғана тыйым салады.

Бұған дейін халықаралық құқық қорғау ұйымдары Қазақстан парламентін түзетулерден бас тартуға шақырған еді. Құқық қорғаушылардың пікірінше, ұсынылған түзетулер адам құқығын бұзып, елдегі ЛГБТИК+ өкілдеріне қатер төндіруі мүмкін.

Түзетулер қабылданған жағдайда Қазақстан адам құқығы саласында халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттемелерді бұзады, арасында балалардың білім алу, денсаулығы мен ақпарат алу құқығы бар дейді құқық қорғаушылар.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса