Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2025

Журналистер Вадим Борейко мен Асхат Ниязовтың Instagram-парақшалары өшірілген

0

Журналистер Вадим Борейко мен Асхат Ниязовтың Instagram парақшалары өшірілді, ал қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың Instagram парақшасы бұзылып, ондағы жазбалар жойылған. Бұл жөнінде құқық қорғаушылар хабарлады.

Журналист Вадим Борейко Instagram парақшасына кіре алатынын, бірақ оның бос екенін жазды. Айтуынша, 168 мың жазылушысы болған және өткен айда қаралым саны 15 миллионға жеткен. Ол былтыр өзінің TikTok парақшасының осыған ұқсас себеппен жойылғанын айтты. Айтуынша, кейінгі кезде Instagram және Facebook-тағы ескі жазбалары "ойдан шығарылған ережебұзушылықтар үшін" өшіріліп келген.
Асхат Ниязов – “Обожаю” арнасының авторы. Оның бұған дейін де әлеуметтік желідегі парақшалары бұғатталған. Санжар Боқаев кейінгі кезде жемқорлық туралы видео түсіріп жүрген қоғам белсендісі. Қазір оның парақшасы тұр, бірақ барлық жазбасы өшірілген.

Кейінгі кезде билікті сынап жүрген азаматтардың немесе тәуелсіз журналист, белсенділердің әлеуметтік желідегі парақшалары, YouTube-арналарының түрлі себеппен жойылуы жиіледі. Қазан айында тәуелсіз журналист Лұқпан Ахмедияров YouTube "Просто журналистика" арнасы өшіріліп, ізінше қалпына келтіргенін және YouTube-тың арна негізсіз жабылғанын мойындағанын айтқан.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса