Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30

Silk Way Star жеңімпазы Мишель Джозеф қазақ тілінде ән дайындап жатқанын айтты

0

Silk Way Star ән байқауының жеңімпазы, моңғолиялық Мишель Джозеф қазақ тілінде ән дайындап жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мишель қазақ тілін де, қазақ мәдениетін де ұнататынын ерекше атап өтті.

"Қазақ тілінде ән дайындап жатырмын. Маған қазақ тілі мен мәдениеті ұнайды. Тіл өте әдемі, оны үйреніп жүрмін. Тыңдармандарға осы тілде ән ұсынғым келеді", – деді ол.

Журналистер әншіден қазақстандық орындаушы ALEM-мен (Батырхан Маликов) бірлескен жоба жоспары бар-жоғын да сұрады.
Мишель егер ондай мүмкіндік туса, "өте жақсы боларын" айтып, мұндай коллаборацияның болашағын жоғары бағалайтынын жеткізді.

"Біздің мәдениетіміз бен тарихымыз өте терең байланысты" – Silk Way Star жеңімпазы Мишель Джозеф.

22 қарашада Қазақстанда Silk Way Star алғашқы азиялық ән шоуының финалы өтті. Жоба Қазақстан Республикасы Президенті Телерадиокешені мен Қытайдың China Media Group (CMG) медиакорпорациясы арасындағы келісім аясында жүзеге асырылды.
Финал "Jibek Joly" телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Жеңімпаз аралас жүйе бойынша анықталды: 50 пайыз – қазылар шешімі, 50 пайыз – көрермендердің сайт арқылы онлайн дауыс беруі.
Жеңіс моңғолиялық Мишель Джозефке бұйырды.
Анықтама: Мишель Джозеф – танымал моңғол әншісі және ән авторы. Ол шығармашылығында дәстүрлі уртын ду (созылмалы әндер) жанрын поп, R&B және фанк элементтерімен ұштастырады. Әнші моңғол және ағылшын тілдерінде өнер көрсетеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса