Басқару психологиясы және тұлғалық имидж мәдениеті Білім мен ғылымның шамшырағы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2024 жылы өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл дата – тек бір оқу орнының мерейі емес, бүкіл қазақ елінің рухани және зияткерлік дамуының айғағы. 1934 жылы негізі қаланған ҚазҰУ – Қазақстандағы алғашқы университеттердің бірі. Ол өзінің тарихында сан мыңдаған түлектерді тәрбиелеп, елдің әр саласында еңбек етіп жүрген көрнекті тұлғаларды өмірге жолдаған. Университет түлектері – еліміздің ғылымы мен мәдениетінің, экономикасы мен саясатының алдыңғы қатарында жүрген азаматтар. 90 жыл ішінде ҚазҰУ әлемдік білім кеңістігінде өз орнын айқындап, халықаралық деңгейде танылған ғылыми орталыққа айналды. Университет заманауи...