Добавить новость
ru24.net
World News
Ноябрь
2025

“Жедел жәрдем қызметкерлері науқасты тепкен“: Қазнетте даулы видео тарады

0
Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа көмектеспей, көшеде қалдырып кеткені" туралы видео тарап жатыр. Бұл жалған ақпарат болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық мәліметінше, видеодағы адамдар қазақстандық жедел жәрдем қызметкерлері емес. Киім үлгісінде мемлекеттік және ведомство белгілері жоқ.

"Киімнің түсі мен үлгісі Қазақстанда қолданылатын бірыңғай стандартқа сәйкес келмейді. Роликтегі оқиға 2024 жылғы 11 наурызда Волгоград қаласында болғаны және сол уақытта ресейлік БАҚ-та жарияланғаны анықталды", - деп жазылған мәліметте.


Орталық ақпаратына сүйенсек, бұрын болған және тергелген істі Қазақстанның жедел жәрдем қызметімен байланыстыру - азаматтарды әдейі жаңылыстыру үшін жасалатын әрекет.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса