«Жұмысшы» газеті: Қазақ еңбекшілерінің санасын оятқан алғашқы мінбер
Қазақ баспасөзінің тарихында ерекше орын алатын, бірақ көп айтыла бермейтін бір басылым бар. Ол- 1928 жылы жарық көріп, жұмысшылардың білімін көтеруді, құқықтарын түсіндіруді мақсат еткен «Жұмысшы» газеті.
Бұл газет елдегі еңбекші халықтың саяси және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.
Газеттің құрылуы және мақсат-міндеті
«Жұмысшы» газеті 1928 жылы 1 мамырда – Еңбек күнінде – Кызылорда қаласында жарық көрді. Оны өлкелік партия комитеті мен кәсіподақ ұйымдары бірлесе шығарды. Басылымның негізгі мақсаты:
• жұмысшылардың санасын ояту;
• еңбекші халыққа білім беру;
• құқықтық сауатын көтеру;
• өндірістегі, зауыт-фабрикалардағы жағдайды ашық жазу.
Сол кезеңде қазақ жұмысшыларының көбі сауатсыз болды, заңдарды білмеді. «Жұмысшы» газеті...
