Фактчекинг пен медиасауаттылықтың қоғамдағы рөлі:Қазақстан тәжірибесі
Қазіргі цифрлық дәуірде ақпарат легі қарқынды әрі шексіз. Бұл жағдай, бір жағынан, білім алу мен қарым-қатынасты жеңілдетсе, екінші жағынан, жалған ақпараттың, манипуляция мен дезинформацияның кең таралуына жол ашады. Осыған байланысты ақпаратты тексеру және медиасауаттылық дағдыларын дамыту әрбір азамат үшін аса маңызды. Қазақстанда да бұл мәселе өзекті болып отыр: қоғам ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдап, оны бірнеше дереккөзден салыстырып, саралауға үйренуі қажет. Фактчекинг пен медиасауаттылық тек журналистика саласы үшін ғана емес, жалпы ұлттық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Бұл мақаланың мақсаты – Қазақстандағы фактчекинг пен медиасауаттылық тәжірибесін талдау, осы салада жұмыс істейтін негізгі ұйымдардың қызметін сипаттау, олардың жеткен нәтижелерін бағалау...
