Добавить новость
ru24.net
World News
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Тәулігіне қанша қасық майонез жеуге болады? Дәрігер жауабы

0

Тәулігіне бар болғаны бір ас қасық майонез жеуге болады. Бұл туралы биология ғылымдарының кандидаты Николай Хоменец мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТАСС-қа сілтеме жасап.
Маманның айтуынша, майонездің тәулік нормасы - 20–30 грамм. Хоменец майонезді шамадан көп жесе, бұл ағзаға аса зиян өнім деп атады.

"Өнімнің басты кемшілігі - калориясының көп болуы, сондай-ақ қандағы холестерин деңгейін арттыратын май қышқылының көптігі", - деп қосты Хоменец.

Бұдан бөлек, майонезде натрий көп, бұл гипертония қаупін арттырып, жүрекке қатысты мәселелердің туындауына ықпал етуі мүмкін.
Сондай-ақ, Хоменец майонез қосылған салаттың үстелде ұзақ тұрып қалмауы керегін еске салды: оның ішінде тағамдық инфекция тудыратын бактериялар көбейуі мүмкін.

"Егер майонез сұрланып кетсе, қабат-қабат болып ажыраса, иісі қышқыл не күйік (ашыған, татып кеткен) иіс шығара бастаса, ондай тағамды лақтыру керек", - деп ескертті ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса