Добавить новость
ru24.net
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

“Барыс“ - “Салават Юлаев“: тікелей эфирді қайдан көруге болады?

0

Бүгін, 10 қаңтарда, "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында үфілік "Салават Юлаевпен" ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Барыс" - "Салават Юлаев": ойынды қайдан көруге болады?
Кездесу Уфада (Башқұртстан) өтеді және Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.
Ойын тікелей эфирде Qazsport телеарнасында көрсетіледі. Трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді болады.
"Салават Юлаев" Шығыс конференциясында 7-орында, команда еншісінде 43 матчте 42 ұпай бар.
"Барыс" 10-орында, команда 44 матчте 36 ұпай жинаған.
Клубтың баспасөз қызметінің айтуынша, капитан Кирилл Савицкийдің жарақатына байланысты қатардан шыққан. Алайда құрамға екі шабуылшы қайта оралды - Эмиль Галимов пен Семён Симонов.

"Командаға Эмиль Галимов қосылды, ол жуырда әке атанды. Сондай-ақ, Семён Симоновтың да құрамға қайта оралуы әбден мүмкін. Ал Кирилл Савицкий, керісінше, алдағы кездесулерде "Барысқа" көмектесе алмайды. Капитан жарақат алды", - делінген клуб мәлімдемесінде.

Кейінгі матчте "Барыс" Қазанда "Ақ Барстан" 1:3 есебімен жеңіліп қалды: соңғы минуттарда шайбаны бос қақпаға өткізіп алды.
Бұған дейін елордалық "Барыс" бес хоккейшімен келісімшартын ұзартқаны белгілі болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса