“Кастетпен ұрған“. Алматыда жаппай төбелес болды
Видео
Telegram-арналардың бірінде төбелес түсірілген видео жарияланды.
"Әлеуметтік желілерде жаппай төбелестің видеосы тарап жатыр. Онда бұл оқиға мұз айдынында болғаны айтылған. Біреу жігітті кастетпен ұрған", – делінген жазбада.
Видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады.
Полиция жауабы
Алматы ПД баспасөз қызметі аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық Полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалғанын хабарланды.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Алдын ала мәлімет бойынша, жастар арасындағы жанжал тұрмыстық себептермен туындаған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.
Полиция департаментінде қақтығысқа қатысқан әрбір адамның әрекетіне заң аясында құқықтық баға берілетінін атап өтті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
