Добавить новость
ru24.net
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Қарағандыда аялдамада тұрған әйелді көлік қағып кеткен

0
Қарағандыда жеңіл көлік аялдамаға соғылып, жол-көлік оқиғасы салдарынан автобусты күтіп тұрған әйел зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апаты шамамен сағат 8:20-да Тәттімбет көшесінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ВАЗ-2111 автокөлігінің 42 жастағы жүргізушісі қосалқы жолдан шыққан сәтте, басты жолмен келе жатқан KIA автокөлігімен соқтығысудан қашып, манёвр жасау барысында Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.
Бұл кезде KIA жүргізушісі жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында аялдама павильонына соғылған. Онда әйел автобус күтіп тұрған.


"Жол-көлік оқиғасы салдарынан 52 жастағы әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек тіркелді, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Зардап шеккен әйелдің жағдайы әзірге белгісіз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса