Добавить новость
ru24.net
World News
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Мүлікті қиратып, соққыға жыққан: Желіде Қаскелеңдегі отбасылық жанжалдың видеосы тарады

0

Әлеуметтік желіде Алматы облысында әйел аяусыз соққыға жығылған видео тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде тараған кадрда үйге жүгіріп кірген ер адам әйелді таяқпен ұрып жатқаны көрінеді. Видеода әйел ер адам көлікті, терезені қиратқанын, анасы мен өзін, әпкесін ұрғанын айтады.
Мәліметке сүйенсек, бұл оқиға Қаскелеңде болған. Сонымен қатар, ер адам әйелдің күйеуі екені, қазір олар ажырасып жатқаны айтылды.

Полиция не дейді?
Алматы облысы Полиция департаменті өкілі жағдайға пікір білдірді.

"Бұл дерек бойынша 31 жастағы тұрғын ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам мен оның жұбайының арасында жанжал болғаны анықталды. Жанжал барысында әйел мен анасына дене жарақаты салынған, сондай-ақ, мүлікке қасақана зиян келген", - деді полиция.

Ведомство мәліметінше, Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс тіркелген. Қазір оқиғаның мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекетіне заңнамаға сәйкес құқықтық баға берілетіні айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса