Добавить новость
ru24.net
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Lamborghini мен миллиондаған ақша: ҚМА Жанабыловтардың ісі бойынша жаңа мәлімет жариялады

0

ҚМА-ның Астана қаласы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен келген ақшаны заңдастыру бойынша блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты соталды тергеп-тексеруді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚМА мәліметінше, Instagram желісінде (15 миллионнан аса оқырманы бар) көп аудиторияға ие ерлі-зайыпты өз оқырмандарының сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған.

"2025 жылы олар онлайн курстарды сату деген желеумен заңсыз схема ұйымдастырған. Бұл курстарды сатып алудың негізгі себебі қымбат сыйлықтар ұтысына қатысу болған. Таратылған бейнематериалдардың басым бөлігі ашық дереккөзден, соның ішінде YouTube платформасынан алынған. Бұл курстардың нақты білім беру құндылығы болмаған және олар заңсыз лотерея қызметін жасыру үшін ғана пайдаланылған. Жүлде қоры жария түрде мәлімделгендей жеке қаражаты есебінен емес, онлайн курстарға ақы төлеу түрінде қатысушылардан түскен ақша есебінен жинақталған. Электрон "сәттілік барабанының" параметрлерін өзгерту дерегі анықталды, соның нәтижесінде 5 000 теңгелік жүлдені ұтып алу ықтималдығы жасанды түрде арттырылып, ал құнды жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі едәуір төмендетілген", - деп жазылған хабарламада.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, күдіктілер жария түрде ең көп репост жасаған қатысушыға 11-көлік табысталғанын мәлімдеп, акцияның қамту аясын кеңейту мен назар аудару мақсатын көздеген. Алайда іс жүзінде жеңімпаз анықталмаған және сыйлық табысталмаған.
Қаражаттың жалпы сомасы
Азаматтардан Zhana Business ЖШС-ның бақылауындағы шоттарға түскен қаражаттың жалпы сомасы - 247,5 млн теңге, оның 60 млн теңгесі депозит шоттарына салынған.
Сот санкциясымен 17 iPhone ұялы телефонына, Lamborghini Urus, Lexus LX 600 көліктерін қосқанда жалпы 10 көлікке тыйым салынған.
Күдіктілерге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Қазір күдіктілер қылмыстық іс материалдарымен танысуға кіріскені белгілі болды.
Контекст
Бұған дейін блогерлер Instagram-да 11 көлік ойнатылатынын жариялаған болатын. Шарты қарапайым көрінген, репост жасау ғана. Алайда 21 тамызда оқырмандар тікелей эфирдің орнына құны 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсының сілтемесін көрген. Конкурсқа тек курсты сатып алғаннан кейін қатысуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды. Бұл жұрт арасында наразылық тудырды.
Кейінірек Жанәбіловтер ұйымдастырған конкурс сотқа жетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса