Добавить новость
ru24.net
World News
Февраль
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Yandex прокуратураға жүргізушілердің табысы жайлы ақпарат беріп отырмақ

0

Алматы қалалық прокуратурасы мен Yandex Qazaqstan алимент төлеуден жалтарғандарға қарсы және бала құқығын қорғауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл жөнінде қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Құжатқа прокуратура атынан – қала прокуроры Серік Кәріпбеков, ал Yandex Qazaqstan атынан компания басшысы Тимур Шәлекенов қол қойған.

"Келісім жүйелі әрі заңды ақпараттық ықпалдастық, мәліметтермен жедел алмасу, сонымен бірге кірісті жасыру мен алимент бойынша қарыздардың қалыптасу фактісін анықтау мен оған жол бермеуге атсалысуды қарастырады" деді прокуратура өкілдері.

Серік Кәріпбековтің сөзінше, алиментті төлемейтіндер қағаз жүзінде жұмыссыз болуы мүмкін, ал іс жүзінде цирфлық платформа, оның ішінде "Яндекс.Такси" арқылы кіріс тауып жатқан болуы мүмкін.

Прокуратура мәліметінше, былтыр қалада дәл сондай 110 факт анықталған, 57 адамға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылған, 10 факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазақстанға Yandex-тің келу тарихы 2009 жылдан басталады. Ол кезде "Яндекс" іздеу жүйесі әрі музыка тыңдайтын сервис болатын. 2016 жылы компания ауқымды маркетинг науқанын бастап, 2020 жылдың басына қарай жолаушы тасымалдау саласында алдыңғы қатарда болып шыға келді. Әсіресе ірі қалаларда танылды.

Елге басқа да ірі халықаралық ойыншылар келген. Алайда оларды не "Яндекс" жұтып қойды, не олар аяққа тұрмай жатып жұмысын тоқтатты.

Қазақстанның монополияға қарсы қызметі "Яндекспен" айналысып көрген. 2023 жылдың желтоқсан айында Қазақстанның Бәсекені қорғау және дамыту агенттігі тексеру жүргізгеннен кейін компанияны кассалық бағдарламаға техникалық қолдау көрсету қызметін енгізу және қажетті ақпаратты ұсынбау арқылы такси компанияларының қызметін үйлестіргені үшін әкімшілік жауапқа тартты. Бұдан кейін "Яндекс.Такси" ерікті түрде Қазақстаның цифрлық экожүйесін қолдау мемлекеттік қорына 3 млрд теңге құйды.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса