Тәжікстан Қытай азаматтарымен визасыз режим енгізбек
Тәжікстан Қытай азаматтарымен визасыз режим енгізуді жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Душанбедегі баспасөз жиыны кезінде туризмді дамыту комитетінің төрағасы Жәмшет Жұмахонзода мәлімдеді.
Оның сөзінше, мәселе қарастырылып жатыр. "Бұл жақсы нәтиже береді деген үміттемін" деді ол.
Оның айтуынша, визасыз режим – туристерді елге тарту амалдарының бірі.
"Тәжікстан үшін негізгі туристік нарық бұл араб елдері, Англия, Германия, Франция, Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея, бұл елдердің азаматтары демалыс пен саяхатқа көбірек қызығушылық білдіреді" деді ведомство жетекшісі.
Жұмахонзоданың айтуынша, 2025 жылы Тәжікстанға 1,784 млн турист келген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 27,5% немесе 384,3 мыңға көп.
Елге келген туристердің 1 миллион 634,5 мыңы - ТМД елдерінен. Ал қалған 149,9 мыңы – алыс елдерден. Тәжікстанға ең көп баратын шетел азаматтары Өзбекстан (1,46 млн адам), Ресей (396 475 адам), Қырғызстан (137 530), Қазақстан (37 288) және Қытайдан (33 178 ) келген.
2025 жылы Тәжікстан халықаралық Lonely Planet басылымының дерегінше, ең үздік 25 туристік бағыттардың қатарына енген.
Тәжікстан туризмді дамыту комитетінің дерегінше, қазіргі кезде 191 туристік компания тіркелген. 31-і – Таулы Бадахшан автономды өлкесінде, 93 — Душанбеде, 42 — Соғды облысында, 15 — Хатлон облысында және 10 өзге аудандарда орналасқан.
Бұған дейін Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан Қытай азаматтарымен визасыз режим енгізген.
