Балет – сахна тіліндегі үнсіз өнер
«Балет» сөзі итальянның balletto сөзінен шыққан, мағынасы – «билеймін». Қарапайым тілмен айтқанда, балет – классикалық музыка сүйемелдеуімен орындалатын, қатаң қалыптасқан ережелері мен позициялары бар кәсіби сахналық би өнері.
Балетте орындаушы өз ойын, сезімін, ішкі жан дүниесін сөзсіз – мимика мен қимыл-қозғалыс арқылы жеткізеді. Бұл өнердің өзіндік заңдылықтары бар. Мысалы, аяқтың сыртқа қарай ашылуы (выворотность), арқаны тік ұстау (осанка), аяқ ұшымен билеу (пуанты) – балет техникасының негізгі талаптары. Осындай тәртіп пен талап бишіні тек сахнада ғана емес, өмірде де жинақылыққа, шыдамдылыққа және өзін тік ұстауға үйретеді.
Қазақстанда бүгінде 74 театр жұмыс істейді. Оның ішінде үш ірі мемлекеттік опера және балет театры...
