Добавить новость
ru24.net
World News
Март
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

4 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

0

4 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі: жаңбыр мен қар жауып, кей өңірлерде боран мен көктайғақ болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашын мол түседі, негізінен жаңбыр түрінде. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал. Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

Астанада түнде аздаған қар, көктайғақ пен бұрқасын болжанады. Алматыда күндіз жаңбыр жауып, тұман мен тайғақ болуы мүмкін. Шымкентте жаңбыр, кей сәттерде нөсер жауын күтіледі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында қар, боран және екпінді жел болжанады. Батыс өңірлерде (БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе) жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, тұман мен көктайғақ болады.

Оңтүстік аймақтарда — Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жаңбыр басым, таулы жерлерде қар жаууы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 20-28 метрге дейін жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса