Добавить новость
ru24.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Астана әкімдігі Конституция жобасына қатысты пикет өткізгісі келген тұрғынға рұқсат бермеді

0

Астана әкімдігі Конституция жобасына пікірін айтпақ болған қала тұрғыны Мұсағали Дауыловқа жалғыз адамдық пикет өткізуге рұқсат бермеді. Тұрғын өтініште пикетті 12 наурызда Министрліктер үйі аумағында түсте өткізгісі келетінін жазған.
“Пикеттің мақсаты – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгеріс енгізу жобасы бойынша референдумның өткізілуіне келіспейтінімді білдіру және азаматтық ұстанымды жеткізу, бұған қоса ашық талқылау мен заңдылық пен халық билігі принципін сақтау қажеттілігіне назар аударту” деп жазылған өтініште.
Астана әкімдігі 4 наурызда тұрғынға берген жауабында "халықтың қорғанысы мен қауіпсіздігін, тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымға кемінде 800 метр жатқан аумақта пикет өткізуге тыйым салынғанын" жазған. Жауапқа қала әкімінің орынбасары Е.Байкен қол қойған.

Бұған дейін ақпан ортасында Алматыда да тұрғын Серік Әбішев жаңа Конституция жобасына қатысты бейбіт жиын өткізбек болып, өтініш берген еді.
“Азаматтарға Конституцияны бейбіт митингіде талқылауға тыйым сала отырып, Конституция бойынша қалай референдум өткізуге болады? Әкімдіктің рұқсат бермеуін референдум өткізуге кедергі және саяси реформаларға саботаж ретінде бағалаймын... Бейбіт жиын өткізу құқығын бізге әкімдік берген жоқ. Бұл бізге азаматтық құқық ретінде тиесілі” деп жазды ол.
Бұған дейін ол әкімдіктен жауап ала алмағанын айтқан.
Алматы әкімдігі әзірге түсініктеме бермеді.
Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша референдум 15 наурызда өтеді.Ақорда конституциялық түзетулерді "жаңа тарихи дәуірдің талаптарына сәйкес мемлекетті қайта құру және қоғамдық сананы жаңарту" деп түсіндіреді. Ал кейбір заңгерлер мен құқық қорғаушылар жоба президенттің билігін күшейте түседі, биліктің заң шығарушы тармағының рөлін төмендетіп, азаматтардың құқығын шектейді деп санайды.Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі құрылымына енетін Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы Конституция жобасы президент билігін күшейтеді деген пікірлерді жоққа шығарып, оларды "аңыз" деп атады.Құқық қорғаушылар елде Конституция жобасы немесе референдумды сынаушыларды қудалау жүріп жатқанын айтады. Бұған дейін Алматыда жаңа Конституция жобасын сынап жүрген белсенді Оразалы Ержанов ұсталған. Ресми Астана елде саяси қудалау барын мойындамайды.Қазақстан билігі елде "бейбіт жиын өткізу үшін азаматтардың рұқсат сұрауы міндетті емес" деп биік мінберлерде мәлімдегенмен іс жүзінде "рұқсат етілмеген митингілерге" барған азаматтар ұсталып, көп жағдайда әкімшілік жазаға тартылады. Халықаралық ұйымдар азаматтардың бейбіт жиналу құқығы бұзылып жатқандығын жиі айтады.Human Rights Watch 2026 жылға әлемдік есебінде "Қазақстан билігі сөз бостандығын, бірлесу және бейбіт жиналу еркіндігін қатаң шектеп отыр" деп жазған. Елде билік орындарының жауаптылығы, сот төрелігі, пікір айту, бейбіт жиналу еркіндігі бойынша мәселелер бар, билікке сын айтатындар мен құқық қорғаушыларды қудалау жалғасып жатыр.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса