Добавить новость
ru24.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26
27
28
29
30
31

Барлық жинақты беру – қазақстандықтарға таңдау жасау ұсынылмақ

0

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру ережелерін өзгерту мүмкіндігі талқыланып жатыр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не ұсынады?
Бұған дейін салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының тек 50 пайызын ғана басқаруға бере алатын. Жаңа тәсіл барлық қаражатты, яғни 100 пайызға дейін жеке басқаруға беру мүмкіндігін қарастырады.

"Біз толықтай жеке басқаруға көшуге мүмкіндік беруді анағұрлым орынды әрі тиімді деп санаймыз", - деді Тұрсынханов.

Бұл ретте жеке компанияларға көшу міндетті емес.
Зейнетақы жинақтарын кім басқара алады?
Зейнетақы активтерін басқаруға тек кәсіби және тұрақты инвестициялық басқарушы компаниялар ғана жіберіледі.

"Мемлекет үлесін азайту активтерді басқару тиімділігіне және жалпы экономикаға оң әсер етеді", - деп қосты агенттік төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, тәуекел тұрғысынан Ұлттық банк пен инвестициялық басқарушы компаниялардың инвестициялық мүмкіндіктері ұқсас, бұл қаражатты жеке басқаруға беруді азаматтар үшін қауіпсіз етеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса