Добавить новость
ru24.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27
28
29
30
31

Ресейдегі жаппай төбелес: оқиғаға қазақстандықтардың қатысы бар ма?

0

Әлеуметтік желілерде Ленинград облысында (Ресей) болған қақтығыс кадрлары тарап жатыр. Желідегі мәліметтерге қарағанда, жаппай төбелесте Қазақстан азаматтары да болған. Жағдайға қатысты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?
Threads-тегі жазба бойынша, оқиға Усть-Луга кентіндегі вахталық қалашық аумағында болған. Видеода жиналған топқа асқан жылдамдықпен автокөлік басып кіргені көрінеді.
Пікір қалдырушылардың бірі қақтығыс қазақстандықтар мен жергілікті күзетшілер арасындағы келіспеушіліктен басталған деген нұсқаны келтірді.
Сондай-ақ күн батпай тұрып түсірілген екінші видео пайда болды. Болжам бойынша, онда кәсіпорын күзеті адамдарды автокөлікке күштеп тиеп жатыр.
Threads-тегі видеодан кадр
ҚР СІМ пікірі
Tengrinews.kz редакциясы ресми пікір алу үшін Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне жүгінді. Ведомство оқиғаның 26 наурызда Усть-Луга кентінде болғанын растады.
СІМ оқиғаға қатысушыларды Ресейдің құқық қорғау органдары ұстағанын хабарлады.

"Қазақстанның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы 2026 жылғы 26 наурызда Усть-Луга кентіндегі "Велестрой" компаниясының нысанында Қазақстан азаматтарының қатысуымен болған қақтығыс туралы ақпаратты тексеріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға қатысушыларды Ресейдің құқық қорғау органдары мән-жайды анықтау үшін ұстаған. Ресейдің құзыретті органдары мен компания басшылығына ресми сауалдар жолданды", - деп хабарлады СІМ.

Министрлік өкілдері зардап шеккен қазақстандықтардың саны мен олардың құқықтық мәртебесін нақтылау үшін дипломаттар Санкт-Петербург пен Ленинград облысының ІІМ-мен байланыста екенін айтты. Баспасөз қызметінің мәліметінше, жағдай министрліктің бақылауында.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса