Добавить новость
ru24.net
World News
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30
31

ҰҚК арнайы операциясы: 43 қазақстандық және 8 шетелдік ұсталған

0

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) арнайы операциялар туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері есірткі жеткізудің 11 халықаралық және 3 өңірлік арнасының жолы кесіліп, 5 жасырын зертхананың қызметі залалсыздандырылған.ҰҚК баспасөз қызметі

"Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимыл шеңберінде есірткіге қарсы 10 халықаралық операция жүргізілді. Нәтижесінде шамамен 240 келі есірткі тәркіленді, оның ішінде 3,1 келі героин, 8 келі метамфетамин, 53,5 келі апиын, 74,2 келі гашиш, 80,9 келі марихуана және 19,3 келі психотроптық заттар, сондай-ақ 3 тоннадан аса прекурсорлар бар", - деп хабарлады ҰҚК.

Аталған құқықбұзушылықтарды жасады деген күдікпен 43 Қазақстан азаматы және 8 шетелдік ұсталды.ҰҚК баспасөз қызметі
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жарияланбайды.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса