Танымал блогер Жанәбіловтердің ісі бойынша сотқа келді
Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот талқылауы жалғасып жатыр. 30 наурызда сотқа блогер Дархан Жолшыбеков келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ол сотқа іс бойынша куәгер ретінде қатысып жатыр. Отырыс барысында одан, сондай-ақ басқа да куәгерлерден жауап алу жоспарланған.
Фото Tengrinews.kz / Аружан Дәрібай
Еске сала кетейік, 18 наурызда сот мәжбүрлеп келтіру туралы қаулы шығарды, бұл шара алдыңғы отырысқа келмеген қазақстандық блогерлер Жолшыбеков пен Нұртазаға қатысты.
16 наурызда Астанада елордалық блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша басты сот талқылауы басталды. Белгілі блогерлерге заңсыз кәсіпкерлікпен айналысты, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті заңдастырды (жылыстатты) деген айып тағылған.
