Түркия, Босния, Чехия, Швеция әлем чемпионатына жолдама алды
Футболдан биыл жазда өтетін әлем чемпионатына жолдама алған тағы төрт ел белгілі болды. Еуропа құрлығындағы қосымша іріктеу жарысында Түркия, Босния және Герцеговина, Чехия, Швеция жеңіске жетіп, әлем кубогына лицензия иеленді.
Түркия құрамасы Косовоны 1:0 есебімен жеңді. Осылайша Түркия құрамасы араға 24 жыл салып, әлем чемпионатында ойнайды. Түркия 2002 жылы әлем кубогында қола медаль иеленген еді, кейін әлем чемпионаттарына лицензия иелене алмады.
Босния және Герцеговина құрамасы пенальти сериясынан Италияны жеңіп, екінші рет әлем чемпионатына (2014 жылы қатысқан) жолдама иеленді. 2006 жылғы әлем чемпионы Италия 2018, 2022 және 2026 жылғы әлем чемпионатына лицензия ала алмады.
Ал Чехия өз алаңында пенальтиден Данияны, ал Швеция Польшаны 3:2 есебімен жеңді.
Сонымен әлем кубогына қатысатын 48 елдің 46-cы белгілі. Тағы екі жолдама Ирак – Боливия, Конго демократиялық республикасы – Ямайка арасындағы матчта анықталады.
Әлем чемпионаты биыл 11 маусым – 19 шілдеде АҚШ, Канада, Мексикада өтеді.
