Талдықорғанда жасөспірімдер жантүршігерлік жол апатына түсті - олардың жағдайы қандай?
Жол-көлік оқиғасы Жансүгіров пен Балпық би көшелерінің қиылысында болған. Видеоға қарағанда, соқтығысу сәтінде Toyota Camry бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
ТАЛДЫКОРГАНЕЦ. Қайрат Әбдірахманның жарияланымы (@taldykorganec.insta_)
TengriAuto тілшісінің сауалына Жетісу облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жауап берді. Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер аса ауыр жағдайда.
"2007 жылы туған пациенттер 2026 жылғы 2 сәуірде сағат 01:06-да жол-көлік оқиғасынан кейін шұғыл түрде ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта олар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.
Пациенттердің жағдайы өте ауыр деп бағаланған. Екеуі де медициналық қызметкерлердің тәулік бойы бақылауында, толық көлемде қарқынды терапия жүргізіліп жатыр.
Барлық қажетті медициналық көмек қолданыстағы хаттамаларға сәйкес көрсетіліп жатыр", - деп жауап берді баспасөз қызметі.
