Добавить новость
ru24.net
World News
Апрель
2026
1 2 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Жігіттер, өмір сүргім келеді“. Ақмола облысында төрт сағатқа жуық батпақта қалған ер адам құтқарылды

0
Ақмола облысының Целиноград ауданында құтқарушылар суық суда төрт сағатқа жуық уақыт өткізген 56 жастағы ер адамды батпақтан алып шықты. Дәрігерлердің айтуынша, ол осы уақыт бойы қалың қамыстың арасында қалып, денесіне салқын тиген, деп хабарлайды Tengri Travel.
Оқиға туралы Ақмола облыстық ТЖД хабарлады. Даладағы көмек сұраған дауысты жақын маңдағы ЖШС-нің бірінің қызметкері естіп, бірден құтқарушыларды шақырған.

"Целиноград ауданында, иесіз қалған құс фабрикасының маңында көмек сұрап айқайлаған дыбыстар естілді. Оқиға туралы мекемелердің бірінің қызметкері хабарлады", - деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде, қамыстардың арасындағы суық суда қалып қойған ер адамды тапты. Ол адамдарды көргенде дірілдеген әлсіз дауыспен: "Мен өмір сүргім келеді... Жігіттер, сіздер құтқарушысыздар ма?" - деді.

"Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетті. Олар батпақты жердегі қамыстардың арасынан ер адамды тауып, гидрокостюмдердің көмегімен алып шықты", - деді ТЖД баспасөз қызметі.













Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Ерсаин Койшибаев (@yersain09)


ТЖД мәліметінше, 56 жастағы азамат суда төрт сағаттай болған. Құтқарылған бойда ол бірден жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Дәрігерлер оған "денесіне салқын тиген" (гипотермия) деген диагноз қойды.

"Құтқарушылар оны құрлыққа шығарып, жедел медициналық көмек қызметкерлеріне берді. Дәрігерлер оның денесі мұздағанын анықтады, бірақ қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - делінген видеода.

Төтенше жағдайлар департаменті кез келген қауіпті жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарласу қажеттігін еске салады.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса