Добавить новость
ru24.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды: мән-жайы

0

Допинг дауына байланысты бір жылға спорттан шеттетілген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегін ұлыбританиялық Дензел Бентлиге қарсы өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлыбританиялық боксшы Дензел Бентли мен венесуэлалық Эндри Сааведра арасындағы кездесуде Ұлыбритания өкілі басым түсті. Жекпе-жек жетінші раундта аяқталды. 31 жастағы Бентли 34 жастағы Сааведраны ауыр соққылардың астына алып, төреші айқасты мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша, Дензел Бентли WBO тұжырымы бойынша орта салмақта уақытша чемпион атанып, Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы болды.

Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы

Былтыр желтоқсанда Жәнібектен алынған допинг-сынамадан тыйым салынған мельдоний препараты анықталғаны белгілі болды. Бұған байланысты WBO ұйымы ішкі тергеу бастаған, ал 7 желтоқсанға жоспарланған Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек кейінге қалдырылған еді.

Бұл зат 2016 жылдан бері антидопинг ережелері бойынша тыйым салынғандықтан, үшінші титулға жоспарланған жекпе-жек өтпей қалды.

Жәнібектің командасы мен Қазақстанның кәсіби бокс федерациясы VADA-дан екінші сынаманы ашуды сұраған. Қайта талдау да спортшының қанында тыйым салынған зат барын растады.

Анықтама: Мельдоний - жүрек-қантамыр ауруына қарсы қолданылатын дәрі. Ол ағзадағы зат алмасуды жақсартып, жасушалардың энергияны тиімді пайдалануына көмектеседі және жүктемені жеңілдетуі мүмкін. Сондықтан ол төзімділікті арттырып, қалпына келуді жылдамдатуы ықтимал деп есептеліп, спортта допинг санатына енгізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса