Добавить новость
ru24.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жалғас Жұмағұлов қос чемпиондық туралы мәлімдеме жасады

0
Қазақстандық ММА файтері Жалғас Жұмағұлов еуропалық Oktagon лигасындағы жаңа жекпе-жегі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Sport лиганың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ең жеңіл салмақтағы қазақстандық чемпионның қарсыласы аса жеңіл салмақтағы белбеу иегері бразилиялық Севериньо болады. Жекпе-жек жеңімпазы қос салмақ бойынша чемпион атанады.

"Мен сені күтемін! Саған жаңа буынның күшін көрсетемін", - деп лига бразилиялық спортшының сөзін келтіреді."Жігітім, мен сен жекпе-жек дегеннің не екенін білмей тұрып жұдырықтасып жүргенмін", - деп жауап қайтарды Жалғас.

Айта кетейік, бразилиялық файтер небәрі 22 жаста болса, Жұмағұлов қазір 37 жаста.
Еуропалық лиганың екі белбеуі сарапқа салынатын кездесу 6 маусымда Братиславада (Словакия) өтеді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

OKTAGON (@oktagonmma) жарияланымы


Еске сала кетейік, қазақстандық UFC экс-файтері Oktagon лигасында үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Жалғастың белбеуді алғаш рет қорғаған соңғы айқасы мерзімінен бұрын аяқталды, себебі чехиялық Давид Дворак үш раундтан кейін жекпе-жекті жалғастыра алмады.
OKTAGON лигасы - әлемдегі ең үздік 10 лиганың қатарына кіретін Еуропадағы ірі ММА промоушені. Ол 2016 жылы Oktagon Challenge реалити-шоуының бөлігі ретінде негізі қаланған. Лига турнирлерінің басым бөлігі Чехия мен Словакияда өтеді.
Әр жылдары бұл лигада UFC-дің болашақ жұлдыздары: Давид Завада (19-10), Макван Амирхани (17-11) және Никлас Штольце (14-7) өнер көрсеткен. Жұмағұловқа дейін қазақстандық спортшылардың ешқайсы еуропалық лигаларда чемпиондық атаққа қол жеткізбеген.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

«FNG»|«OKTAGON» 2 белбеуінің иегері (@zhumagulov_zhalgas) жарияланымы



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса