Добавить новость
ru24.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қоқыс тастау, түкіру: Астанада жыл басынан бері 13 мың құқық бұзушылық тіркелген

0

Астана полициясы тұрғындарға қалада тазалық сақтау қажеттігін еске салып, тәртіп бұзғандарға салынатын айыппұлдар туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Көктем мезгілінің келуімен елордада абаттандыру мәселесіне бақылау күшейтілді. Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері "Таза Қазақстан" акциясы аясында 13 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелген.
Бұл ретте көшелерге, аялдамаларға, саябақтар мен аулаларға қоқыс тастау, темекі тұқылын қалдыру, түкіру, сондай-ақ көлік терезесінен қоқыс лақтыру деректері туралы сөз болып отыр.
Полиция өкілдерінің айтуынша, тәртіп бұзушылардың көбі байқалмай қаламыз деп ойлайды. Алайда Жедел басқару орталығының камералары болып жатқан жайтты нақты уақыт режимінде тіркеп отырады.

"Камералардан алынған ақпарат жедел түрде полицияның кезекші жасақтарына беріледі, бұл құқық бұзушыларды тез арада анықтап, жауапқа тартуға мүмкіндік береді", - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары мұндай әрекеттер қаланың көркін бұзып қана қоймай, санитарлық жағдай мен қала тұрғындарының қауіпсіздігіне де қатер төндіретінін атап өтті.

Сондай-ақ полиция қала тазалығы тек тиісті қызметтердің жұмысына емес, тұрғындардың өздеріне де байланысты екенін еске салды.
Қала тұрғындарын қоғамдық орындарда қоқыс тастамауға, балаларды жастайынан тазалық мәдениетіне баулуға және құқық бұзушылықтар туралы ресми арналар арқылы хабарлауға шақырды.

"Қала тазалығы - ортақ іс, әрбір азамат өзі тұратын ортаның жай-күйіне жеке жауапкершілікпен қарауы тиіс", - деп атап өтті ведомство.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса