Добавить новость
ru24.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Жанармай бағасына қойылған мараторий алынды: баға қалай өзгерді?

0

АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының құнын көтеруге жарияланған мораторийдің күші жойылғанына тоғыз күн болды. Tengri Auto мораторий тоқтатылғаннан кейін жанармай бағасының қалай өзгергенін және оның белгіленген дәлізге қаншалықты сәйкес келетінін анықтау үшін Алматы қаласы мен облысындағы жанармай құю бекеттеріндегі жағдайға талдау жасады.
Мән-жайы
2025 жылы Энергетика министрлігі баға дәлізін белгіледі, нарық шын мәнінде өткен жыл бойы және 2026 жылдың алғашқы үш айында сол шеңберде жұмыс істеді: АИ-92 үшін литріне 213–239 теңге, дизель отыны үшін 317–337 теңге. Бұл бағаның күрт құбылуын тежеуге және оны салыстырмалы түрде тұрақты деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді.
Мораторий алынғаннан кейін нарық жаңа жағдайларға біртіндеп бейімделе бастады. Жалпы алғанда, бағалар әзірге белгіленген шегінде қалып отыр, алайда бірқатар бекетте баға көтеріле бастағаны байқалады. Кейбір жағдайларда бағаның белгіленген деңгейден асуы да тіркелді, бұл жанармай құнын өзгертудің басталғанын және алдағы уақытта өсуі мүмкін екенін көрсетеді.
Баға өсіп жатыр, бірақ шектен шыққан жоқ
Мәселен, Royal Petrol және Petrol Asia желілерінің жанармай құю станциялары әлі де дәліз шегінде жұмыс істеп тұр: АИ-92 құны тиісінше 239 және 232 теңгені, дизель - 335 және 334 теңгені құрайды. Sinooil желісінде де жағдай ұқсас, мұнда бағалар белгіленген шекте қалып отыр: АИ-92 үшін 235 теңге және дизель үшін 336 теңге.

Фото: Елена Никитенко
Сонымен қатар бірқатар оператор жоғарғы шекке жетіп, одан сәл асып кеткен. QazaqOil, "Газпромнефть" және Helios бекеттерінде АИ-92 бензині литріне 240 теңгеден, дизель – 336 теңгеге дейін сатылуда. Lukoil желісінде де баға АИ-92 үшін 240 теңгеге, ал дизель үшін шамамен 335 теңгеге жетті.

Фото: Елена Никитенко
АИ-95 бағасы баяу болса да өсіп келеді?
АИ-95 бензиніне қатысты жағдайды бөлек атап өткен жөн. Наурыздың аяғына қарай Алматыда оның құны литріне 318-ден 323 теңгеге дейін құбылды. Алайда 9 сәуірге қарай бағаның жоғарылағанын көруге болады. Ең жоғары баға "Газпромнефть" бекеттерінде - 328 теңге, Sinooil-де – шамамен 325 теңге болып тіркелді. Дегенмен әзірге бағаны көтермегендер де бар: Lukoil-де құны шамамен 322 теңге, ал Royal Petrol-де – 319 теңге төңірегінде.

Фото: Елена Никитенко
Жалпы алғанда, жанармай нарығы мораторий алынғаннан кейін әзірге бағаның күрт өзгертпей, бірқалыпты өсетінін көрсетіп отыр.
Министрлік не дейді?
Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешовтің айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ: қазір қоймаларда 600 мың тоннаға жуық бензин мен дәл сондай көлемде дизель отыны сақтаулы. Бұл қор елдегі барлық жанармай құю бекетін толық қамтамасыз етуге жетеді. Бірақ біздегі жанар-жағармай нарығы нарықтық жолмен қалыптасатынын ескеру қажет, сондықтан баға өсуі мүмкін.
Tengri Auto жанармай нарығындағы жағдайды бақылауды және әртүрлі аймақтардағы баға өзгерістерін қадағалауды жалғастырады.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса