Добавить новость
ru24.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Қазақстандық боксшы Азия чемпионаты финалында әлем чемпионын нокдаунмен жеңді

0
Қазақстандық боксшы Дина Исламбекова 2026 жылғы Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Tengri Sport.
80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қазақстандық спортшының қарсыласы 2021 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы, үндістандық Алфия Пазан болды.
Алғашқы раундтың өзінде Дина басымдығын байқатты – үндістандық боксшы нокдаунға түсіп, қазақстандық спортшы раундты 5:0 есебімен өз пайдасына шешті.
Екінші раундта бір төреші үндістандық боксшыға басымдық бергенімен, қалғандарының шешімі бойынша қазақстандық спортшы басым болды.
Соңғы раундта жекпе-жектің нәтижесін тек нокаут қана өзгерте алар еді, алайда Дина Пазанға мұндай мүмкіндік бермеді. Оның үстіне, Исламбекова қарсыласын тағы бір мәрте нокдаунға түсірді.
Нәтижесінде Дина Исламбекова жалпы 5:0 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.
Айта кетейік, бұл "алтын" Динаның ересектер арасындағы Азия біріншілігіндегі алғашқы жеңісі және Ұлан-Батордағы (Моңғолия) турнирде ұлттық құрама қоржынына түскен екінші алтын.
Азия чемпионатының жартылай финалында Дина Исламбекова өзбекстандық Олтина Сотимбаеваны жеңген болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Қарағанды облыстық бокс федерациясының жарияланымынан (@krg_boxing_federation)


Бұған дейін қазақстандық Бақыт Сейдіш Азия чемпионатының алғашқы финалында есе жіберіп, күміс жүлдегер атанған еді.
Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Надежда Рябец финалда өзбекстандық Рухшона Парпиеваны тізе бүктіріп, команда қоржынына алғашқы алтынды салды.
2026 жылғы бокстан Азия чемпионаты Ұлан-Баторда (Моңғолия) 10 сәуірге дейін жалғасады. Ертең, 10 сәуірде, финалдық кезеңде Қазақстан ерлер құрамасының бес бірдей мүшесі шаршы алаңға шығады.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса