Тәуелсіздік – ел бақыты
Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы азат ел болуды аңсап өтті. Сол асыл арман жолында қаншама батырлар жанын пида етіп, туған жерін қорғау үшін ерлікпен қаза тапты. Талай сәби ата-анасының мейірімінен айырылып, жетімдік тауқыметін тартты. Елдің еркіндігі үшін күрескен ақын-жазушылар да қуғын-сүргінге ұшырап, ауыр тағдыр кешті. Мен тәуелсіздік алғаннан кейін дүниеге келген ұрпақтың өкілі болсам да, егемендіктің қандай қиын жолмен келгенін терең түсінемін.
Ғасырлар бойы халқымыз аңсаған тәуелсіздік – бүгінгі ұрпақ үшін ең қастерлі құндылық. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде тарих сахнасына шықты. Бұл күн – ел тағдырындағы айрықша маңызды белес, әрбір азамат үшін қасиетті...
