Добавить новость
ru24.net
World News
Апрель
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Қиын“: Шавкат Рахмонов жағдайы туралы айтты

0
Қазақстандық UFC жұлдызы Шавкат Рахмонов жарақатынан кейінгі жаттығуларынан видео жариялады. Видеода ол өз жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Instagram-дағы видеода қазақстандық файтер арнайы кілемшеде отыр, ал кадр сыртындағы оператор оның жағдайы туралы сұрайды.

"Қиын", - дейді Шавкат видеода.

- Жоқ, мұндай сөзді мұнда айтуға болмайды, тыйым салынған.

"Айтуға болады, кім айтты [болмайды деп]? Мен айта беремін. Қиын - оңай болмайды", - деді спортшы.

Айта кетейік, ММА файтері Шавкат Рахмоновқа биыл ақпанда Германияда ота жасалды. Оның алдында ғана қазақстандық UFC жұлдызы жарақат алғанын хабарлап, промоушен рейтингінен шығарылған болатын.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Антон Бованың жарияланымы (@spor_tjob)


Шавкат Рахмонов 500 күн бойы жекпе-жексіз жүр
Еске сала кетейік, қазақстандық спортшы 2024 жылғы желтоқсанның басынан бері жекпе-жекке шықпады. Ол кезде Лас-Вегаста төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ирландиялық Иэн Гэрриді жеңген болатын. Бастапқыда бұл жекпе-жек Шавкат үшін чемпиондық айқас болуы тиіс еді, бірақ сол кездегі белбеу иегері Белал Мухаммед жарақатына байланысты кездесуден бас тартқан еді.
Кейінірек Рахмоновтың өзі жарақаттарына байланысты жекпе-жектерден бас тартты. Нәтижесінде, еліміздегі ең танымал спортшылардың бірі 500 күннен бері үзілісте жүр.
Бұл ретте Шавкаттың қашан оралатыны әзірге белгісіз - тіпті жаттығуларға қайта оралу үшін жарты жылдай уақыт қажет болуы мүмкін.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Shavkat Rakhmonov (@shavkatrakhmonov94) жарияланымы



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса