Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды
Дензел Бентли өзінің әлеуметтік желілерінде WBO белбеуінің иегері, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлына арналған жазба жариялады.
Британиялық спортшы чемпионның тек сөзбен шабуылдап жатқанын айтып, Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды.
"Жәнібек маған тіл тигізіп, бұғаттап тастады. Мына "качокқа" біреу жеткізсінші: егер оның бокс лицензиясы болса және рингке шығуына рұқсат берілсе, келесі жолы жұдырықтасайық", - деп жазды Бентли.
Janibek just sending shots at me and he’s blocked me ???? someone please tell this juice head let’s fight next if has a boxing license and is allowed to step foot in a boxing ring @FrankWarren @Queensberry @trboxing @WorldBoxingOrg @ringmagazine
— Denzel Bentley (@2Sharp_d) 26 сәуір, 2026 жыл
Еске сала кетейік, бұған дейін Бентли мен Әлімханұлы сөзге келіп қалған болатын. Британиялық боксшы Әлімханұлы бір жылдық дисквалификациясын өтеп жатқанда, WBO-дан өзін толыққанды чемпион деп тануды талап еткен еді.
Қазақстандық боксшы болса Бентли онымен жекке-жекке шығуға қорқып отыр және титулды айқассыз иеленгісі келеді деп жауап берді.
"Енді ол менің ресми үміткерім. Ол менің титулымды жекпе-жексіз тартып алғысы келеді. Қазір ол жылап, бәрі оны қолдауы керек деп жатыр! Неге? Өйткені ол менімен жұдырықтасудан қорқады", - деді Әлімханұлы.
He is now my official challenger. And he wants to take my title without a fight. He's crying now and saying that everyone should support him! Why? Because he's afraid to fight me! https://t.co/sttt3nXDli
— Janibek Alimkhanuly (@qazaqstyle) 25 сәуір, 2026 жыл
Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы
Еске сала кетейік, 2025 жылдың желтоқсанында кубалық Эрисланди Лараға қарсы үш титул үшін өтуі тиіс жекпе-жекке бірнеше күн қалғанда, қазақстандық чемпионға допинг қолданды деген айып тағылған болатын. Сынамалардың бірінен тыйым салынған заттар табылып, салдарынан титулдық кездесу өтпей қалды.
2026 жылдың басында В сынамасы ашылып, допингтің бар екені расталды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly) жарияланымы
Осыдан кейін Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібекті бір жылға шеттету туралы шешім шығарды, бірақ оны чемпиондық белбеуінен айырған жоқ.
IBF өз үкімін 10 наурызда жариялады: ұйым регламентіне сәйкес, Әлімханұлы чемпиондық өкілеттігін тапсыруға мәжбүр болды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
JANIBEK | QAZAQ STYLE (@janibek_alimkhanuly) жарияланымы
