ПСЖ мен “Бавария“ Чемпиондар лигасының финалына таласады: тікелей көрсетілім
Стадион иелері ПСЖ мюнхендік "Бавариямен" кездеседі.
Екінші жартылай финалдық матч 7 мамырда Мюнхендегі (Германия) "Альянц Аренада" өтеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Paris Saint-Germain (@psg) жарияланымы
ПСЖ - "Бавария" Чемпиондар лигасы жартылай финалының тікелей көрсетіліміМатч Қазақстан уақытымен 23:50-де басталады. Кездесуді Qazsport телеарнасынан және сайтынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы
Еске сала кетейік, ПСЖ Чемпиондар лигасының ширек финалында ағылшындық "Ливерпульді" жарыс жолынан шығарды. Қос матч та 2:0 есебімен аяқталды (жалпы есеп 4:0), голдарды вингер Хвича Кварацхелия, шабуылшы Дезире Дуэ және форвард Усман Дембеле соқты.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Paris Saint-Germain (@psg) жарияланымы
"Бавария" екі кездесудің қорытындысы бойынша мадридтік "Реалдан" басым түсті. Мадридтегі (Испания) "Сантьяго Бернабеуде" өткен алғашқы кездесу 1:2 есебімен аяқталып, Луис Диас пен Харри Кейн гол соқса, қарымта матчта "Бавария" Александар Павлович, Луис Диас, Харри Кейн және Майкл Олисенің төрт голы арқасында жеңіске жетті (жалпы есеп 6:4).
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FC Bayern (@fcbayern) жарияланымы
Бұған дейін Ламин Ямаль “Барселона“ Чемпиондар лигасынан шығып қалғаннан кейін марапатқа ие болды. “Аузыңды жап“: “Реал“ жұлдыздары ЧЛ жартылай финалы үшін өткен матчта ұрсысып қалды
