Добавить новость
ru24.net
World News
Апрель
2026

Алматыда 92 жастағы қазақстандық үйленді

0

2026 жылдың басынан бері Алматыда 4600-ге жуық неке тіркелді. Статистиканың егжей-тегжейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады, - деп жазады Tengri Life.
Олардың мәліметінше, мегаполисте күн сайын орта есеппен 70-ке жуық неке қию рәсімі өтеді. Некеге тұрушылардың орташа жасы - қалыңдықтарда 29 жас, ал күйеу жігіттерде 32 жас болады.

"Неке қиюға өтініш берген ең егде адам - 92 жастағы ер адам. Ал заңнама талаптарына сәйкес рұқсат алған ең жас жұп 16 жасында отбасын құрды", - деп хабарлады корпорация өкілдері.

Сондай-ақ осы кезең ішінде 409 жұп шетелдік азаматтармен некесін тіркеген.
Ажырасу
Бұдан бөлек, 2026 жылдың басынан бері 934-ке жуық жұп некені бұзу туралы өтініш берген. Ажырасуға өтініш бергендердің орташа жасы: ерлер арасында - 39 жас, әйелдер арасында - 37 жас.
Некеге тұруға қалай өтініш беруге болады?
"Азаматтарға арналған үкімет" неке қиюға өтінішті кемінде 15 күнтізбелік күн бұрын беру керек екенін еске салды. Қызметті келесі жолдармен рәсімдеуге болады:

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының АХАТ бөлімдерінде;eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы;немесе екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы.

Сондай-ақ жас жұбайлар өз қалауы бойынша салтанатты неке қию рәсімін өткізе алады.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса