Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыда жауын-шашынның рекордтық мөлшері тіркелді: жаңбыр қашан тоқтайды?

0

Алматыда бір күнде жарты айда жауатын жауын-шашын түсті. Нөсер жаңбырға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Әкімдік ақпаратынша, 10 мамыр күні сағат 11:00-ден 11 мамыр күні сағат 20:00-ге дейін қала аумағына 50,4 мм жауын-шашын түскен. Бұл мамыр айына белгіленген айлық норманың (99 мм) 51 пайызына тең.

Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Коммуналдық қызмет су басудың алдын алу және оларды жедел жою мақсатында күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. Алматы Құтқару қызметі де кезекшілікке кіріскен.

ТЖД тарапынан 53 арнайы техника мен 240 қызметкер тартылған.

Қала инфрақұрылымының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бір тәулік ішінде 3 080 жол саласы жұмысшысы мен 1 225 арнайы техника қатыстырылған.

Жедел әрекет ету үшін 2 300 құм толтырылған қап дайындалған.

Алматыдағы ауа райы болжамы

12 мамырда бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді, түнде кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, түнде екпіні секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +14...+16 градус.

13 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +5...+7 градус, күндіз +17...+19 градус.

14 мамырда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +7...+9 градус, күндіз +19...+21 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса