Алматы облысында оқушы мұғалімді соққыға жыққан - видео
Не болды?
Желіде тараған видеода аудандық мектептердің бірінің аумағында оқушының мұғалімге тап бергені көрсетілген.
Жазба авторының айтуынша, жанжал кезекші педагогтың жоғары сынып оқушысына сабақ уақытында мектептен шығуға рұқсат бермеуінен басталған. Жазбада төбелес салдарынан мұғалім ауыр жарақат алғаны айтылған.
Әкімдік не дейді?
Алматы облысының әкімдігі бұл оқиғаның 2026 жылдың қаңтарында "Жаңа қазақ орта мектебінде" болғанын хабарлады. Бейнежазбада 11-сынып оқушысы таспаланған.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, мұғалім оқушыға ескерту жасап, одан сабаққа, сыныпқа баруды талап еткен. Оқушы бұл талаптарды агрессивті қабылдап, соның салдарынан педагогке қатысты құқыққа қайшы, оның ішінде бұзақылық әрекеттер жасаған", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Облыстық әкімшілік полицияның сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын қосып өтті. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр, содан кейін оқушының іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Алматы облысының полициясы оқушыға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын нақтылады, бірақ бап әлі жарияланбады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Jagdai. Новости Казахстана. (@jagdaikz)
