Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Хаби Алонсо “Челсидің“ бас бапкері болып тағайындалды

0
Испаниялық Хаби Алонсо лондондық "Челсидің" бас бапкері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengri Sport.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, испаниялық маман төрт жылдық келісімшартқа қол қойып, өз жұмысына 2026 жылғы 1 шілдеде кіріседі.
Алонсо әлемдегі ең ірі клубтардың біріне жаттықтырушы болғанын мақтан тұтатынын мәлімдеді.

"Клуб иелерімен және басшылықпен сөйлесу барысында біздің мақсаттарымыздың ортақ екені түсінікті болды. Біз ең жоғары деңгейде тұрақты өнер көрсетіп, жүлделер үшін күресе алатын команда жасақтағымыз келеді. Командада талантты ойыншы көп және бұл футбол клубының әлеуеті зор, сондықтан оған жетекшілік ету - мен үшін үлкен мәртебе. Қазір ең бастысы - қажырлы еңбек, дұрыс мәдениет қалыптастыру және кубоктарды иелену", — деп жазды Алонсоның сөзін клубтың ресми сайты.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Chelsea FC (@chelseafc) жарияланымы


Бұған дейін Алонсо леверкузендік "Байерді" жаттықтырып, онымен бірге Германия чемпионатын, сондай-ақ, ел Кубогы мен Суперкубогын жеңіп алған болатын.
2025/26 жылғы маусым басталар алдында испаниялық маман "Реалға" ауысып, деңгейін көтергенімен, Мадридте небәрі жарты жыл ғана тұрақтады. Ол 2026 жылғы қаңтарда Испания Суперкубогында "Барселонадан" жеңілгеннен кейін қызметінен босатылды. Оның кетуіне команда жұлдыздарымен болған келіспеушілік те себеп болды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Xabi Alonso (@xabialonso) жарияланымы



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса