Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

БАӘ-де ұшқышсыз ұшақпен жасалған соққыдан кейін АЭС-те өрт шықты

0

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі "Барака" атом электр станциясына жасалған ұшқышсыз ұшу аппаратының соққысы салдарынан өрт шыққан. Бұл туралы жексенбіде елдің ресми тұлғалары хабарлаған. АЭХА мәліметінше, радиация деңгейі қалыпты шекте, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Өрт Әл-Дафра аймағындағы АЭС-тің ішкі периметрінен тыс жерде орналасқан электр генераторында болған.
Абу-Даби әмірлігінің мамандандырылған органдары оқиғаға жедел әрекет еткен. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. БАӘ-нің Атомдық реттеу жөніндегі федералдық басқармасы өрт станция қауіпсіздігіне және оның негізгі жүйелерінің жұмыс қабілетіне әсер етпегенін мәлімдеді.
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) БАӘ билігіне сілтеме жасап, шабуылдан кейін "Барака" АЭС-індегі радиация деңгейі қалыпты шекте қалып отырғанын мәлімдеді.

"АЭХА жағдайды жіті бақылап отыр және БАӘ билігімен тұрақты байланыста, қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын", - делінген мәлімдемеде.

АЭХА басшысы Рафаэль Гросси оқиғаға байланысты "айтарлықтай алаңдаушылық" білдіріп, "ядролық қауіпсіздікке қатер төндіретін әскери әрекеттерге жол берілмейтінін" атап өтті.
БАӘ билігі соққының қайдан жасалғанын тергеп жатқанын және мұндай "террористік шабуылдарға" жауап беруге толық құқылы екенін мәлімдеді. БАӘ президентінің дипломатиялық кеңесшісі бұл әрекеттің, ол "негізгі орындаушы" немесе оның жақтастары тарапынан жасалғанына қарамастан, қауіпті шиеленіс екенін айтты.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса