“Қазақстан паспортын алғым келеді“: “Зениттің“ бразилиялық бапкері Әліпке жауап берді
"Зениттің" баспасөз қызметі кезекті чемпиондықты тойлау кезінде Әліптің клуб басшылығынан қазақстандықтарға бір ауыз сөз айтуды өтінген видеосын жариялады.
Басқарма төрағасы Константин Зырянов қорғаушыны Қазақстанның үздік ойыншысы деп атаса, бас бапкер Сергей Семак оны "команданың жаны" деді.
"Қазақстанға сәлем! Әліп – ең үздік футболшы, қазақтың Марадонасы", - деді Зырянов."Клубымыздың көшбасшысы, жанымыз бен жүрегіміз! Барша Қазақстанға сәлем", - деп жауап берді жаттықтырушы.
Осыдан кейін Әліп айналасындағыларға сұрақ қоюын жалғастырып, бапкердің ассистенті Оливейраны сөзге тартты.
- Сен ше, бразилиялық, Қазақстан туралы не айтасың?
"Менде Ресей паспорты бар, қайдағы бразилиялық?" - деп жауап берді маман.
- Қазақстан туралы не дейсің?
"Мен де Қазақстан паспортын алғым келеді", - деп әзілдеді ол.
Вильям Артур де Оливейра Бразилияда туып, мансабын сонда бастаған, бірақ 2009 жылдан бері Ресей чемпионатында ойнайды. "Уфа" клубында мансабын аяқтаған соң Семактың штабына қосылып, ол "Зенитке" ауысқанда да бірге кетті.
Айта кетейік, Нұралы Әліп өткен демалыс күндері "Зенит" сапында төртінші рет Ресей чемпионы атанды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FC Zenit (@zenit_spb) жарияланымы
