Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Алматыдағы Горький саябағының жері жалға алушыдан қайтарып алынды: әкімдік себептерін атады

0

Алматы әкімдігі Горький атындағы Орталық саябақтың 5 гектар жерін мемлекет меншігіне қайтарады. Билік басқарушы компаниямен жалдау шартын ұзартудан бас тартты. Себептері туралы толығырақ - Tengrinews.kz материалынан оқи аласыз.
Келісімшарт неге бұзылды?
Әкімдік мәліметінше, инвестицияның жоқтығынан және демалыс аймағының қараусыз қалуына байланысты билік жалдау шартын ұзартудан бас тартқан.

"Жалға алушы әкімдіктің бұл шешіміне сот арқылы шағымданбақ болды, бірақ сот талап арызды қанағаттандырудан бас тартты. Осылайша, саябақ аумағындағы жалпы ауданы 5 гектар болатын 94 жер учаскесі мемлекеттік басқаруға қайтарылады", – деп хабарлады әкімдік.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қала билігі басты себеп ретінде компанияның жылдар бойы инфрақұрылымды жақсартуға қаржы салмағанын және аумақты тоздырып жібергенін атады. Әкімдік танымал демалыс орнының жай-күйі алматылықтар тарапынан көптеген сын-ескертпе тудырғанын мойындады.

"Жалдау қатынастарын тоқтатудың негізгі себептерінің бірі – ұзақ уақыт бойы саябақ аумағының тиісті деңгейде күтілмеуі. Инфрақұрылым мен аттракциондардың едәуір бөлігі ескірген, ал қаланың басты рекреациялық аймақтарының бірінің жағдайы тұрғындар тарапынан көптеген арыз-шағым туғызып отыр", – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Саябақ қандай болады?
Әкімдіктің пайымдауынша, қазіргі уақытта саябақ қоғамдық кеңістіктердің жайлылығына, қауіпсіздігіне және сапасына қойылатын заманауи талаптарға толық сай келмейді.
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондықтан қала билігі аумақты дамыту тәсілдерін қайта қарауды жоспарлап отыр.

"Алматы әкімдігі оны жаңғырту тұжырымдамасын әзірлейді, онда көгалдандыру мен заманауи демалыс аймақтарын құру қарастырылған. Сондай-ақ саябақты қала тұрғындары мен туристер үшін бұдан да тартымды әрі жайлы ете түсу үшін туристік және мәдени инфрақұрылымды дамыту көзделеді", – деп хабарлады әкімдік.

Саябақ тарихы туралы не белгілі?
Орталық мәдениет және демалыс саябағы сайтында оның қала аумағында 1856 жылы пайда болғаны көрсетілген. Ол кезде "Қазына бағы" деп аталып, Верный гарнизоны офицерлерінің серуендеу орны ретінде салынған. Уақыт өте келе бақ тұрғындардың басты демалыс орындарының біріне айналды: мұнда аллеялар, күркелер, би алаңы мен демалыс аймақтары бой көтерді.
1930 жылдары саябақ қайта жөндеуден өтіп, аттракциондар ашылды және су қоймасының айналасы абаттандырылды. Дәл сол кезде мұнда хайуанаттар бағы пайда болып, саябақтың өзіне Максим Горькийдің есімі берілді.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса