Еуропа лигасының маусымдағы алғашқы финалы: Қазақстанда қайдан көруге болады?
Матч Ыстанбұлдағы "Тюпраш" стадионында өтеді және Қазақстан уақытымен 23:50-де басталады.
Айта кетейік, неміс командасы үшін Еуропа лигасының финалы - халықаралық турнирлер тарихындағы алғашқы финал. Ал "Астон Виллаға" келетін болсақ, команда 1982 жылы Еуропа чемпиондары кубогын жеңіп алған, ал оның жаттықтырушысы Унаи Эмери Еуропа лигасының "королі" саналады - ол бұл трофейді әртүрлі командамен төрт рет иеленген.
"Мен бұл турнирдің королі емеспін. Қазір мен "Астон Вилламен" бірге жаңа тарих жазып жатырмын, ал бұрынғы жетістіктерім артта қалды. Маған ертең "Астон Вилламен" бірге қолда бар ойыншылармен жеңіске жетіп, қарсыласты қапы қалдыру керек. Сондықтан бұл - жаңа жол, жаңа сәт және жаңа дәуір болады деп үміттенемін.Бұрын не істегеніміз туралы көп айтқым келмейді. Осы маусым және Конференция лигасы мен Чемпиондар лигасындағы өткізген матчтеріміз жоғары деңгейде өнер көрсете алатынымызды дәлелдейді", - деді жаттықтырушы баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, Еуропа лигасындағы жеңіс трофейден бөлек, командаға келесі маусымдағы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама береді.
"Фрайбург" - "Астон Вилла": тікелей трансляция
Қазақстанда матчті Qazsport телеарнасы, сондай-ақ арнаның сайты тікелей эфирде көрсетеді. Еуропа лигасының финалындағы "Фрайбург" - "Астон Вилла" кездесуінің трансляциясы 23:50-де басталады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Публикация "QAZSPORT" телеарнасының ресми парақшасынан (@qazsport_official)
