Павлодар облысында аспандағы ерекше құбылыс видеоға түсірілді
Не болды?
Ерекше табиғи құбылысты Павлодар облысы Майқайың ауылының Мұнара есімді тұрғыны түсіріп алған. 20 мамырда ол бұлттардың пішіні мен күн сәулесінің үйлесімінен таныс бейнені байқаған.
"Міне, қараңыздар: аспанда Қазақстанның туы тұр! Міне, бүркіт, міне біздің күн. Бүгін аспанда еліміздің туы тұр", - делінген видеода.
@manarasoldier2
♬ түпнұсқа дыбыс - Kazakhstan ???????? ???????? ????????
Видео 1,3 миллионнан астам қаралым мен 150 мыңға жуық лайк жинады. Желі қолданушылары пікір жазбаларында өздері түсірген суреттерді бөлісті.
"Бұл кездейсоқ емес. Гүлдене бер, Қазақстаным! Елімізде тыныштық болып, халқымыз аман-есен болсын", "Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын! Алға, Қазақстан!", "Еліміз өркендей береді", - деп жазды пікір қалдырушылар.
Айта кетейік, Өскемен тұрғыны да осыған ұқсас кадрмен бөлісті. Ол Қазақстан туына ұқсайтын күннің батуын түсіріп алған.
Еске сала кетейік, жақында бүкіл әлемнен жиналған Reddit қолданушылары Flags of the World онлайн-турнирінде ең әдемі туды таңдаған болатын. Финалға Кирибати мен Қазақстанның тулары шықты. Нәтижесінде біздің ту бірінші орынды иеленді.
Тағы оқыңыз: Қазақстанның мемлекеттік туын қайда және қашан қолданған жөн? Президент түсіндірді
