Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

23-25 мамырда Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?

0

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 23, 24 және 25 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

23 мамыр көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +3+5 градус, топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді, күндіз +21+23 градус.

24 мамырда көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +11+13 градус, күндіз +23+25 градус.

25 мамырда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде +11+13 градус, күндіз +26+28 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

23 мамыр көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +8+10 градус, күндіз +16+18 градус.

24 мамырда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +8+10 градус, күндіз +20+22 градус.

25 мамырда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +10+12 градус, күндіз +21+23 градус.

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Бұған дейін синоптиктер алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында ауа райы құбылмалы болады деп ескерткен болатын – жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал елдің шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады. Толығырақ осы жерден оқыңыз.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса