Добавить новость
ru24.net
World News
Май
2026

Еркебұлан Тоқтар поп-ММА жұлдызына қарсы жекпе-жек өткізеді: күні белгілі болды

0
Қазақстандық аралас жекпе-жектің ең танымал өкілі Еркебұлан Тоқтар келесі кездесуін поп-ММА жұлдызы Артем Тарасовқа қарсы өткізеді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Белгілі қазақстандық файтер әрі актер Еркебұлан Тоқтар әлеуметтік желідегі парақшасында поп-ММА жұлдызы Артем Тарасовпен жұдырықтасатын турнирдің афишасын жариялады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы


Ал Артем Тарасов өз әлеуметтік желісінде қазақстандық спортшымен жекпе-жекке келісімшартқа қол қойып жатқан сәті түсірілген видеоны жариялады.
Жекпе-жек 4 шілде күні "Алматы Аренада" өтетін IBA NOMAD 15 турнирі аясында ұйымдастырылады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

IBA NOMAD (@nomadfighting) жарияланымы


Еркебұлан Тоқтар деген кім?
Еске сала кетейік, Еркебұлан Тоқтар - актер, ол ұзақ уақыт бойы поп-ММА-да өнер көрсетіп, кейін кәсіпқой жекпе-жекке ауысқан. Қазіргі таңда оның рекорды - 11-3.
Арменияда өткен соңғы жекпе-жегінде Тоқтар төрешілердің шешімімен Қырғызстан өкілі Марсель Нұрланбек ұлынан жеңіліп қалды.Қазіргі уақытта Тоқтар - Қазақстандағы ММА-дің ең танымал өкілі, оның парақшасына 2,3 миллион адам жазылған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Еркебұлан Тоқтардың (@erkebulan_toktar) жарияланымы


Артем Тарасов деген кім?
Артем Тарасов - ресейлік аралас жекпе-жек шебері, поп-ММА-дің ең танымал өкілдерінің бірі.
Самбодан спорт шебері атағы бар. ММА-дегі кәсіби мансабын 2011 жылы бастағанымен, ол поп-ММА форматы арқылы кеңінен танымал болды.
Тарасов белсенді түрде блог жүргізеді, телевизиялық жобаларға қатысқан, сондай-ақ блогерлер мен медиа тұлғалар қатысатын турнирлерде тұрақты өнер көрсетеді. Ол өзінің ерекше харизмасымен және жекпе-жек алдындағы арандатушылықтарымен танымал, бұл оған кездесулерге деген қызығушылықты тиімді арттыруға мүмкіндік береді.
Поп-ММА-де ол көрермен назарын тұрақты түрде өзіне аударатын тәжірибелі әрі танымал қатысушылардың бірі саналады.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Артем Тарасов (@artemtarasovlive) жарияланымы


Тағы оқыңыздар: “Жеңіл-желпі жарақат“: Еркебұлан Тоқтар жол апатына түсті



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса