Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Ұлттық банк мұнай бағасына қатысты болжамды қайта қарастырды

0

Қазақстан Ұлттық банкі Brent маркалы мұнай бағасына қатысты болжамын қайта қарады. Шикізат бағасы биылғы жылдың соңына дейін бұрын болжанғаннан жоғары деңгейде болады деп күтіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тиісті болжам Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша шешім қорытындысы туралы хабарламасында көрсетілген.

Реттеуші мәліметтеріне сәйкес, жаңартылған базалық сценарий аясында 2026 жылдың соңына дейін Brent маркалы мұнайдың орташа бағасы барреліне 90 доллар деңгейінде болады деп болжанады.

Ұлттық банк мұнай бағасының мұндай динамикасы Таяу Шығыстағы геосаяси шиеленістің әсерінен қалыптасып отырғанын атап өтті.

Бұл ретте ұзақ мерзімді перспективада мұнай құны біртіндеп төмендейді деп күтіледі. Болжам бойынша 2027 жылы Brent бағасы шамамен 75 долларды құрап, 2028 жылы 65 долларға дейін төмендейді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда кейінгі екі жылда алғаш рет базалық мөлшерлеме төмендетілді.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса