Килиан Мбаппе 2026 жылғы ӘЧ алдында жарақат алды
Видеода Мбаппе жарақат алып, жаттығудан ақсаңдап кетіп бара жатқаны көрінеді. Оның балтыр бұлшықеті зақымданған болуы мүмкін.
Килиан Қазақстан уақытымен 8-нен 9-маусымға қараған түні өтетін Солтүстік Ирландияға қарсы жолдастық кездесуге қатыспауы ықтимал.
Килиан Мбаппе Франция құрамасының жаттығуын бірінші болып тастап кетті ????????@90minFR pic.twitter.com/ejWoCuKNta— Ilies Peeters (@IliesPeeters) June 6, 2026Өткен 2025/26 маусымында француз тізе жарақатына байланысты 25 ақпан мен 14 наурыз аралығында мадридтік "Реалдың" 5 матчіне қатыса алмады. Кейінірек мамырда бұлшықет жарақаты салдарынан "Эспаньолға" (3 мамыр) және "Барселонаға" (10 мамыр) қарсы екі ойынды өткізіп алды.
Маусым бойы шабуылшы барлық турнирде 44 матч өткізіп, 42 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kylian Mbappé (@k.mbappe) жариялаған жазба
Турнир фавориттерінің бірі саналатын Франция құрамасы I тобында Сенегал (17 мамыр), Ирак (23 мамыр) және Норвегиямен (27 мамыр) ойнайды.
Еске салайық, АҚШ, Мексика және Канадада өтетін Әлем чемпионаты 11 маусымда басталып, 20 шілдеге дейін жалғасады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Equipe de France de Football (@equipedefrance) жариялаған жазба
