Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

“Бұл ақша қайдан келгенін сұраймыз“. Салық органдарының 115 мың адамға қояр сұрағы бар

0
Салық органдары қазақстандықтардың мобильді аударымдар арқылы кімге және қалай ақша жібергенін тексерді. Барлығы 115 мың адамға қатысты сұрақтар туындаған. Мәжіліс кулуарында қаржы министрі Мәди Такиев осы жағдайдың егжей-тегжейін айтып берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?
Такиевтің айтуынша, ведомство 10 банкпен бірлесіп жеке тұлғалардың мобильді аударымдарын тексерген.
Талдау қорытындысы бойынша 115 мың адам үш ай ішінде сомасы 1 020 000 теңгеден асатын 100-ден аса аударым алғаны анықталған – салықшыларды дәл осындай операциялар қызықтырды. Аударымдардың жалпы сомасы 1 триллион теңгеден асқан.

"Негізгі сома жеке тұлғаларға тиесілі. Шамамен 67 мың жеке тұлға – 670 миллиард теңге. Бірақ ол жерде бейрезиденттер де бар екені анықталды – 7 800 бейрезидент", – деді Такиев.


Алдағы жағдай қандай болмақ?
Енді бұл адамдардан ақшаның қайдан түскені және қандай мақсатқа арналғаны сұралады.

"Бұл ақша қайдан келгенін, қайда аударылғанын сұраймыз. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер де бар, онда сома аз – 200 миллиард теңге. Барлығына хабарлама жіберілді. Мақсат – жазалау емес, жағдайдың қалай болғаны туралы түсініктеме алу. Олардың арасында такси қызметін көрсететін жеке тұлғалар мен курьерлер өте көп болып шықты", – деп түсіндірді Такиев.

Мән-жайы
Еске сала кетейік: 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мобильді аударымдарды тексерудің жаңа ережелері күшіне енді.
Салық органдарының назарына үш критерийге сәйкес келетін аударымдар ілігеді: егер адам үш ай қатарынан 100 және одан да көп әртүрлі тұлғадан ақша алса және түсімдердің жалпы сомасы 12 ең төменгі жалақыдан (қазір бұл 1 020 000 теңге) асса.
Сонымен қатар мобильді аударымдардың өзіне салық салынбайды. Аударымның мақсаты маңызды: егер бұл сыйлық, жақындарына көмек, қарызды қайтару немесе адамдар арасындағы қарапайым аударым болса – сұрақ туындамауы тиіс. Ал егер ақша тауарлар немесе қызметтер үшін төлем ретінде жүйелі түрде түсіп тұрса, мұндай түсімдер салық салынатын табыс деп танылуы мүмкін.



Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса