Добавить новость
ru24.net
World News
Июнь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30

Алматылықтар танымал серуендеу орнында қаптап жүрген егеуқұйрықтардың кадрларын жариялап жатыр

0

Әлеуметтік желілерде Алматының басты демалыс аймақтарының бірі – Тереңқұрда емін-еркін жүрген егеуқұйрықтардың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Толығырақ
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, үлкенді-кішілі кеміргіштер аумақта еркін қозғалып, адамдардан еш сескенбеген.

"Тереңқұрдан тағы кім егеуқұйрық көрді? Ол жерден үлкенді-кішілі кеміргіштерді бірінші рет көріп тұрған жоқпын. Әсіресе, адамдардың қасында демалып, пуфиктерде отырып, кино көріп, тамақ ішіп жатқаны, ал егеуқұйрықтардың дәл қастарында емін-еркін жүргені таңғалдырды. Бұл жекелеген жағдай ма, әлде басқалар да осындай жайтқа тап болды ма?" – деп жазды Алматы тұрғындарының бірі әлеуметтік желіде.

Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр
Жазба астындағы пікірлерде қала тұрғындарының көбі егеуқұйрықтарды тек Тереңқұрда ғана емес, қаланың басқа аудандарында да кездестіретінін айтқан. Кейбіреулер кейінгі жылдары кеміргіштердің айтарлықтай көбейгенін атап өтті.

"Көшеде мысық пен ит болмаса – егеуқұйрық қаптайды. Ал олардан аулау да, дератизация да құтқара алмайды".
"Иә, жақында мен де балалармен серуендеп жүргенде егеуқұйрық жүгіріп жүрді. Биыл олар өте көп".
"Мен 10 жыл бойы аптасына 3–5 рет Тереңқұрда тұрақты серуендеймін, кейінгі 2–3 жылда егеуқұйрықтарды жиі көретін болдым. Бұрын ешқашан болмаған".
"Олар қалада өте көп. Тек ол жерде ғана емес".
"Егеуқұйрықтардың да серуендегісі келетін шығар. Олар бұл жерде жөндеу жұмыстарына дейін де мекендеген".

Тұрғындарды шошытқан кадрларға қатысты Tengrinews.kz сайтына қала әкімдігі жауап берді берді.
Әкімдік не деді?
Коммуналдық инфрақұрылым басқармасы кеміргіштерді жою жұмыстары жоспарлы түрде жылына екі рет: көктемде (көбею кезеңінде) және күзде жүргізілетінін хабарлады. Көктемгі кезең 15 наурыз бен 30 сәуір аралығында өткен.
Алайда, әлеуметтік желідегі кадрларға қарағанда, жасалған көктемгі тазалау жұмыстары жеткіліксіз болған сияқты. Әкімдік өкілдері жоспарлы жұмыстардан бөлек, "мамандар тұрғындардың шұғыл шағымдары бойынша да нысандарға баратынын" сендірді.

"9 маусымда Тереңқұрда егеуқұйрықтар анықталған жерлерде жоспардан тыс дератизация жұмыстары қайта ұйымдастырылды", – деп есеп берді ведомство дәлел ретінде фотосуреттерді қоса ұсынып.

Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Еске сала кетейік: осыдан бір жыл бұрын қазақстандықтар Алматыдағы "егеуқұйрықтардың қаптауына" шағымданған болатын.

Сол кезде адамдар әлеуметтік желілерде қаланың әртүрлі аудандарында егеуқұйрықтардың жүргені түсірілген видеолармен бөлісе бастаған. Кадрларда кеміргіштердің қоқыс жәшіктерінің жанында және мегаполис аумағында еркін жүгіріп жүргені көрінген еді.




Moscow.media
Частные объявления сегодня





Rss.plus
















Музыкальные новости




























Спорт в России и мире

Новости спорта


Новости тенниса