Астана маңындағы бәйге кезінде үш жасар бала ауыр жарақат алған
Астана маңының тұрғыны бәйге кезінде ұлын ат таптап кеткен соң, шабандозды дереу жазалауды талап етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.
Оқиғадан кейін көптеген жарақат алған үш жасар бала жансақтау бөліміне түсті.
"Шабандоздың не ойлағанын білмеймін, бәлкім, баламның үстінен секіріп өтпек болған шығар? Ол баламның ішкі құрылысын жай ғана жаншып кетті. Аттың соққысынан ұлым ауада айналып барып құлады. Оның миы шайқалған, қолы сынған. Кінәлілер заң алдында жауап бергенін қалаймын, бұл іс солай жабулы күйінде қалмауы тиіс", - деді Салтанат Ибраева.
Оқиға Талапкер ауылында болған. Кішкентай бала сегіз жасар әпкесімен бірге үйінің жанында ойнап жүріп, бір сәтте ауыл шабандоздарының жолында қалған. 20 жастағы жігіттер көшеде бәйге ұйымдастырған. Балада ішкі ағзаларының зақымдануы, басынан жарақат алу және қол сынығы анықталды.
Өткен жұмадан бері бүлдіршінге бірнеше ота жасалды. Бірақ анасының айтуынша, оқиғаға кінәлі адам тіпті кешірім де сұрамаған. Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Ал шабандоз ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
